Қарағанды облысында құтқарушылар жоғалған үш адамды тауып, 15 адамды эвакуациялады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жоғалғандарды іздеу және құтқару жұмыстары Ұлытау және Осакаров аудандарында жүргізілді. Құтқарушылар жоғалып кеткен үш ер адамды тауып, көлігімен жолда тұрып қалған 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.