ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ СӘКЕН
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына - 175 жыл!
Сәкен Сейфуллин Жетісуда Жамбыл сынды төкпе жыраудың бар екенін өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының бас кезінен ести бастаған. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолындағы қызу күрес жылдары Жетісу өңірінен шыққан Ораз Жандосов сияқты жалынды мемлекет қайраткерімен Сәкеннің қызметтес болғаны тарихи әдебиеттерден белгілі. Сол жылдары екеуінің халық таланттары, әсіресе Жамбыл Жабаев жөнінде талай сұхбаттасқанын көргендер бар.
Жалпы, Жамбылды халық ақындары арасынан тауып, оның 20-жылдары-ақ жарияланған алғашқы шығармаларын сұрастырып, біліп, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Ораз Жандосов арқылы ауылына іздеп барып, сұхбаттасып, жеке танысқан, шығармашылығына қызығушылық танытқан Сәкен Сейфуллин болған. Ол туралы біраз естеліктер де бар....