ҚАРАСАҚАЛ ЕРІМБЕТ КӨЛДЕЙБЕКҰЛЫ ТОЛҒАУ-ТЕРМЕЛЕРІНДЕГІ ҒИБРАТТЫҚ ОЙЛАР
ҚАРАСАҚАЛ ЕРІМБЕТ КӨЛДЕЙБЕКҰЛЫ ТОЛҒАУ-ТЕРМЕЛЕРІНДЕГІ ҒИБРАТТЫҚ ОЙЛАР
ҚазҰУ - профессоры, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы
1-курс магистрі Қазбай Парасат
Қазақ әдебиетінің ғасырлар бойы үзілмеген тарихи жолы ұлтымыздың қалыптасу даму жолымен сабақтас екені белгілі. Рухани мәдениетіміздің желісін құрайтын Сыр сүлейлері деп аталатын өнер тарландарының шығармалары ғибраттық, тағылымдық маңызымен ерекшеленеді.
Тасын түртсең, тарихы сөйлейтін Сыр өңірі – киелі мекен десек, бүгінде тарихи-мәдени мұраларымызды ел игілігіне айналдыруда әлі де болса зерттеліп, зерделенетін дүниелер баршылық.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында: “Ата-бабадан мирас болып қалған құнды тағлымдық ойларды зерделеп, жас...