Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе экологиясын жақсарту жұмысымен танысты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді. Ведомство басшысы өңірдегі өндіріс орындарын аралап, экологияға келтіретін зиянды азайту бағытындағы жұрыспен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.