Еркіндік философиясы
Еркіндік философиясы
Заман өзгерген сайын “еркіндік” философиясы алдыңғы қатарға шығып келеді. Қазақ қоғамының бұл ұғымға қатысты көзқарасы жылдан-жылға өзгеріп жатыр. Құлағымыз үйреніп, санамызға сіңіп қалған “қызға қырық үйден тыйым”, “көп сөйлеп, орынсыз күлме”, “қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимеуі қажет” деген секілді көптеген тыйым сөздер бар. Қазақтың тыйым сөздері адамның еркіндігін шектей ме?
Байқасаңыз қазір тыйым сөздер көп айтылмайды. Күннен күнге адам өз жүрек қалауын, жан таңдауын істеп келеді. Біздің әке, анамызға үлкендер тарапынан айтылған тыйымдар бізге айтылмайды. Керісінше, “қазіргінің балалары бәрін біледі, жастардан үйрену керек” сынды сөздерді естіп жатамыз. Бір адам өз қажеттілігі үшін басқаның еркін шектемеуі қажет....