Мәскеу маңындағы коттедж қалашығында атыс болды
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 30 наурыз күні Мәскеу маңындағы Вешки ауылында заңсыз қару саудалады деген күдікпен ер адамды тұтқындамақ болды. Күдіктінің үйін тексеру барысында ол үйіне жасырынып алып, құқық қорғау қызметкерлеріне қарата оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.