103news.com
World News in Kazakh
Июль
2022

Орал тұрғындары биліктен психотропты заттарды саудалауға тыйым салуды талап етті

0
26 шілдеде кешке Оралда көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде тұратын 50 шақты адам биліктен ауруды басатын психотропты зат –  "Трамадолды" сатуға тыйым салуды талап етті. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, препаратты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде сатады. 


Сейсенбі күні тұрғын үй ауласында өткен жиналыста наразылар "Трамадола" және "Тропикамида" дәрілері былтыр желтоқсаннан бері саудалана бастағанын айтты. 


— Тұрғын үйдің подъезінен көп бөтен адамдарды көре бастадым. Комендант "сіздер жақта "Трамадол" сатады, бәрі содан басталды" деді, – дейді тұрғындардың бірі Анастасия Кравцова. 


Оның айтуынша, есікке домофон орнатылса да бөтен адамдар подъезге оңай кіріп, препараттың қабын тастап кетеді. Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үйде тұратын адамдар мен келгендер жиі дауласып, кейде төбелесіп те қалады. 


—Кішкентай екі балам бар, солар үшін қорқамын. Балаларымды тіпті нанға немесе қоқыстарды шығаруға жібермеймін. Кешке жақын үйден шықпай отырамыз, тіпті ересектердің өздері қауіптенеді. Подъезде әрдайым бөтен біреулер жүреді, олар өздерін дөрекі ұстап, қоқыс лақтырып кетеді. Солармен өзім ұшырасып та қалдым: мені қорқытты, – дейді наразылардың бірі Әлия Дермешова. 


Тұрғындардың айтуынша, жетінші қабаттағы пәтерде бірнеше рет тінту болып, полицейлер блистерлі таблеткалар мен сұйықтығы бар шөлмекті ("Трапикамид" болуы мүмкін) тәркілеген. Бірақ бірнеше сағаттан кейін пәтерге тағы жаңа "дәрілер" жеткізілген. 


Олардың айтуынша, полицейлер дәрі сататындарды жауапкершілікке тарта алмайды, себебі дәрі саудасы олар келгенге дейін аяқталып қояды. 


Жиналыста болған прокуратура өкілі Әлібек Жұмағұлов тұрғындардың сұрақтарына жауап бермеді. Ол наразыларға "заңсыз жиналыс" жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін екенін ескертті. 


Құрамында есірткі бар препараттарды заңсыз сату мәселесін көтеріп жүрген қоғамдық ұйымға жетекшілік ететін заңгер Аслан Өтепов дәріханаларда "Трамадолды" рецептісіз сату қаланың ірі мәселелерінің бірі деді. 


Оның мәліметінше, қазір қаладағы 30 шақты тұрғын үй және пәтерде "Трамадол" мен "Тропикамид" сатады. Оны кез келген адамға рецептісіз сата беретін бірнеше дәріхана бар. 


Аслан Өтеповтің айтуынша, олар еріктілер, қоғам белсенділері, полиция, прокуратура, ішкі саясат бөлімінің өкілдерінен құралған топ құрған. Аталған топ үйлерді аралап, дәріні заңсыз сату фактілерін тіркейді. Жуырда сондай орын табылып, препараттар тәркіленген. 


Қазақстанда "Трамадол" мен "Тропикамид" дәрілері есірткі заттар тізіміне енбеген. Сәйкесінше оны таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Елде осы дәріні лицензиясыз сатқандарға әкімшілік жаза қарастырылған. Орал полициясы дәріні заңсыз сатқандарға тек айыппұл сала алатынын айтты. 


—Қазір осы препараттарды есірткі заттар тізіміне енгізуге күш салып отырмыз, себебі олар дәл есірткі заттар сияқты әсер етеді. Бірақ бұл мәселе бойынша шешім қабылданбады. Күтіп отырмыз, – деді Өтепов.  


Жиналысқа келгендер бұрын бас прокурор Берік Асылов пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жолдаған. Олар хатта заңнаманы өзгертіп, "Трамадолды" есірткі заттардың тізіміне енгізуді сұраған. 


Азаттық тілшісі "Трамадол" мен "Тропикамид" дәрілерін сататын тұрғындармен сөйлесе алмады. 


"Трамадол" — қатты ауырған кезде ауруды басу үшін қолданылатын синтетикалық  анальгетик. Ол адамның жүйке жүйесіне әсер етеді. "Тропикамид" құрамында атропин бар табиғи алкалоид.




Губернаторы России
Москва

Более 14 тысяч жителей СВАО получили новые квартиры по реновации — Собянин





Москва

Более 14 тысяч жителей СВАО получили новые квартиры по реновации - Собянин


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин рассказал о проектах финалистов московских технологических конкурсов



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Анастасия Волочкова

Волочкова сообщила о беременности: "Я так ждала!.."




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

В Москве состоялся чемпионат по плаванию среди команд столичного управления Росгвардии

Две медали привезли псковички с чемпионата России по пилонному спорту

Безопасность футбольного матча обеспечила Росгвардия в Москве


WTA

Касаткина проиграла Хаддад-Майе в финале турнира WTA 500 в Сеуле



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Особняк купцов Марковых в Каретном Ряду отреставрировали в Москве



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России