Қырғызстан саяси баспана сұрамақ болған ҚДТ-ның екі белсендісін қамады
![Қырғызстан саяси баспана сұрамақ болған ҚДТ-ның екі белсендісін қамады](https://gdb.rferl.org/059c0000-0aff-0242-3b06-08dabd9ccff6_tv_w800_h450.jpg)
Қазақстанның екі азаматы Қырғызстанда екі айға қамалды. Қамалған алматылық белсенділер – Асхат Жексебаев пен Диана Баймағамбетова. Олар қырғыз билігінен босқын мәртебесін сұрап барған. Екеуі де бұған дейін Қазақстанда «тыйым салынған ұйымға мүше болды» деп айыпталып, сотталған.