Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2022

Бестөбеде белсенді Николай Катчиевтің үйінде тінту болды. Полиция түсініктеме бермеді

0
Бестөбеде белсенді Николай Катчиевтің үйінде тінту болды. Полиция түсініктеме бермеді

Ақмола облысы Бестөбе ауылында белсенді Николай Катчиевтің үйінде тінту болды. Полиция оның ноутбугы мен ұялы телефонын тәркілеген. Бұл жөнінде Азаттыққа Катчиевтің өзі хабарлады.

Оның айтуынша, 11 қарашада кешке болған тінту куәгерсіз, белсендінің адвокатынсыз өткен. Үйде белсендінің кәмелетке толмаған ұлы болған.

Оның алдында 10 қарашада Катчиев Степногорск қаласы полиция басқармасында тергеуде болған. Оны қандай да бір қылмыстық іске куәгер ретінде шақырған. Қазір ол істе қорғануға құқығы бар куәгер статусына ие. Катчиевтің сөзінше, полициядағылар оның үстінен сол аумақта тұратын бір әйел шағымданғанын, "шара қолдануын" сұрағанын айтқан. 

—Бәлкім, бұл мені және өзге белсенділерді алған бағытымыздан тайдыру үшін жасалып жатқан болар. Ноутбук пен смартфонды бірдеңе жазып алып, интернетке салмасын деп тәркілеген болар. (Катчиевтің Бестөбе туралы УouTube-арнасы бар – ред.). Мені қоғам өмірінен алшақтатуға тырысып жатқан тәрізді. Қазір бар күш-қуатты ауыл емес, өзімді қорғауға жұмсауыма тура келеді, – деді Катчиев Азаттыққа. 

Полиция өкілдері Азаттыққа белсендіні қандай іс бойынша тергеп, тінткенін айтпады. Бірнеше күн бұрын полиция департаментінің баспасөз қызметі белсендіні тергеуге шақырғанын ғана растаған. 12 қарашада Азаттық тілшісі Ақмола облысының полиция департаментіне хабарласқанмен жауап ала алмады. 

Ауылдың экология мәселесін қозғаған Катчиев пен өзге бестөбеліктер былтыр қылмыстық қудалауға тап болған. Катчиев пен Александр Назаренко "алауыздық тудырды" деген күдікке ілініп, кейін айыптары жұмсартылған. Биыл маусымда сот "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша Катчиев пен Назаренконың бостандығын шектеп, амнистия қолданып, жазадан босатқан. 

Катчиевтің айтуынша, жуырдағы тергеуге дейін бірнеше күн бұрын Бестөбе тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр мен мәжіліске үндеу жолдап, ауылдың мәселесін, кеніш төңірегіндегі бұлыңғыр жайттарды баяндаған. Олар халықтың үніне жергілікті билік құлақ аспағандықтан аштық жариялауға дайын екендіктерін, президентке бару үшін жаяу жолға шығатынын, президент сайлауына қатысқылары келмейтінін айтқан. 

"Оларға біздің қолдау керек болғанда біз жөнінде біле қалады да, ал олардан көмек сұрасақ, ешкім естімейді, білгісі, байқағысы да келмейді" деп жазды Бестөбе тұрғындары үндеуде. 

Бестөбе тұрғындары "Алтыналмас" компаниясымен екі жыл бойы күресіп келе жатыр. Ең ірі алтын өндіруші компания Қазақстан бойынша біршама жобаны жүзеге асырады. Ауыл тұрғындары зауыт ауаны ластайды деп шағымданған. Кейінгі айларда ауылдағы алтын кеніштері жабылған, мыңнан астам кенші ақылы демалысқа жіберілген. "Алтыналмас" компаниясы ескі жерасты шахталардан бас тартып, ашық кен өндіруге көшу жоспары туралы айтқан. Тұрғындар бұған қарсы.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Благодаря модернизации театры Москвы создают уникальные декорации





Москва

Америкой и Европой сенсационно управляет Гольфстрим. Научная сенсация!


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: В Москве ведется активная замена инженерных сетей в рамках реновации



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Певица

Певица Зара выступит в Пятигорске 12 июня




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

«Локомотив» готов рассмотреть продажу Баринова, футболистом интересуются клубы Испании, Франции и Турции

В Москве 14-летний мальчик ранил ножом 16-летнего юношу на футбольном поле

Более 1 тыс человек стали участниками циркового шествия на выставке «Россия»


Даниил Медведев

Тарпищев о Медведеве и Рублеве: без травм сыграют в Париже лучше, чем в Токио



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Выйдя из отношений, полностью осознала проблему: Буланова назвала отношения с Радимовым абьюзивными



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России