Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2023

"8 наурызда әйелдерге гүл емес – құқығын қорғауға мүмкіндік беру керек". Феминистер әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті

0

5 ақпанда Алматыда феминистер әкімдіктен 8 наурызда шеру мен митинг өткізуге рұқсат беруін талап етіп, митинг өткізді. Оған 100-ден астам адам қатысты.

Жиналғандар әкімдіктің 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат бермегеніне наразы. Олардың басты ұраны «8 наурызда әйелдер шеруі өтуі керек», «Шеру болсын», «Біз қарапайым халықпыз», «Үндемей қалма, төзбе, айт, сөйле», «Әкімдік, сылтау айтпа», «Әкімдік, біздің айтарымыз бар» болды.

"Конституцияда "шеру мен митингіге арналған орындар бос емес" немесе "жөндеу жұмыстары жүріп жатыр" деп [бейбіт жиынға тыйым салу туралы] шектеулер жазылмаған. Бейбіт жиындарға арналған арнайы орын сұрау туралы норма жойылуы керек. Әкімдіктер ұйымдастырушыларға бейбіт жиын өткізуге көмектесіп, оларға кедергі жасамауы керек. Әсіресе әйелдер өткізетін бейбіт жиында қауіпсіздікті сақтау мемлекеттің тікелей міндеті болуы керек. 8 наурыздағы әйелдер шеруі өтуі керек" деп жазылған митинг қарарында.

Қарарға митингіге келген 115-тен астам адам қол қойды.

Жиналғандар алдында сөйлеген спикерлердің көбі қоғамдағы әйелдер теңсіздігі мен олардың зорлық-зомбылық көруін, саясаттағы орнын айтты.

Қызылордадан келген белсенді Жәмиля Қасымхан өзі келген аймақтағы үш әйелдің оқиғасын баяндады. Ол 8 наурызда әйелдерге гүл емес, құқығын қорғауға мүмкіндік беру керек деп есептейді.

– Қызылордада болған үш жағдайды айтып бергім келеді. Ажар Шадиева туған күнінде күйеуінің қолынан қаза тапты, Аруна күйеуінің соққысынан мүгедек болып қалды, ал Айнұр жұмыс орнында зорланды. Бұл кішкентай қалада белгілі болған оқиғалар. Бірақ айтылмаған жайттар Қазақстанның әр қаласында күнде болып жатыр. Қанша арудың жан айқайы жабық есіктердің артында естілмей жатыр. Жылына бір рет гүл, сыйлық беріп, бізді және өздеріңізді алдаудың қажеті жоқ. Біз сыйлыққа емес, құқығымызды қорғауға мұқтажбыз. 8 наурыз үнсіз қалған әр әйелдің жанайқайын жеткізетін мүмкіндік. Сондықтан әр әйелдің дауысы естілуі керек, - деді ол көпшілікке.

Ал белсенді Айгерім Құсайынқызы 8 наурыз мерекесінің маңызын Қазақстан қоғамы дұрыс түсінбей жүр деп есептейді.

– Біздің [қоғамда] әйелдің миссиясы - ана болу, бала туу, патриархатқа, еркектерге қызмет ету деп түсінеді. 8 наурыздың неге, қашан, қалай пайда болғанын да білмейміз. 8 наурыз - әйелдер құқықтарының эмансипациясы күні. Әйелдер күні - аналар күні емес, нәзік жандылар күні емес, қарындас күні емес, әйелдердің құқықтары күні. Сол үшін кез келген дамыған мемлекет саяси құқықтарының ішінде бостандық, теңдік, еркіндік деген ұғымдары түсінуі керек. Бізде бостандық бар ма, жоқ, біз әлі де маршқа рұқсат алуға мәжбүрміз. Еркіндік бар ма, жоқ, гендерлік теңдік бар ма жоқ, әлеуметтік әділет бар ма, жоқ. Неге 8 наурызда өз митингімізге митинг арқылы талап етуіміз керек? Ол - біздің құқықтарымыздың бұзылғаны, - деді белсенді.

Белсенді Алашордалықтар айтып кеткен әйел теңдігі Қазақстанда қорғалмай жатыр деп санайды.

Әлеуметтанушы Жанар Жандосова Қазақстанда әйелдердің өлімі көбейіп кеткеніне назар аудартты. Ол Қазақстан билігінде отырған әйелдердің дауысы естілмейді, дейді.

– Қазақстан билігінде, парламентінде отырғандардың 24 пайызы әйелдер дегенді естиміз. Бірақ бұл әйелдердің үні шықпайды, олар мойынсұнғыш, әйелдердің құқықтарын [мінберде тұрып] қорғамайды, митингтерге, шеруге келмейді, - деді әлеуметтанушы.

Ол қоғамда гендерлік теңдіктің болмауына бір себеп – осы, билікте әйелдердің аз отыруы, дегенді жеткізді.

Былтыр желтоқсанның аяғында 8 наурызда әйелдер шеруі мен митинг өткізуді жоспарлаған белсенділер Алматы әкімдігі митинг өткізуге рұқсат бермегенін хабарлаған.

Белсенділер шерудің 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын, жыл сайын ұйымдастырушылардың кедергіге ұшырайтынын (мысалы, полицияның ұйымдастырушылардың үйлеріне барып, өтініштен бас тартуға мәжбүрлеуі және тағы басқа) баяндаған.

Бұл жолы әкімдік Алматыда бейбіт жиынға бөлінген төрт орында 8 наурызда өтетін шаралар бекітіліп қойғанын алға тартып, рұқсат бермеген. Әкімдіктің хабарлауынша, өтінішті "Еріктілер лигасы" түсірген. Билік олардың 8 наурызға жоспарланған үш митинг және 5 шақырымға созылатын шеруін мақұлдаған.

«Еріктілер лигасының» өкілі Азаттыққа митинг өткізу жоспары болғанын растады, бірақ қандай іс-шара екенін есіне түсіре алмады. Бұл ұйым Алматы, Астана әкімдіктерінен, әсіресе ішкі саясат, жастар саясаты басқармаларынан жиі тапсырыс алады.

Әйелдер шеруі Алматыда 2017 жылдан бері өтіп келеді. Былтыр да болған. Негізгі талаптары әйел құқығы және олардың саясаттағы орны.

Былтыр да Алматы әкімдігі белсенділерге 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат бермей, халықаралық ұйымдар мәселеге алаңдаған. Дегенмен ізінше белсенділердің өтініштері мақұлданғаны хабарланған. 2022 жылы 8 наурызда Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдындағы митингіге мыңнан астам адам жиналды. Жиында сөйлегендер әйелдердің зейнет жасын төмендетіп, 58 жасқа түсіруді, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауды тоқтатуды, әйелдерді мемлекет басқару ісіне араластыруды талап етті.

Қазақстанда екі жыл бұрын "Бейбіт жиын туралы" заң қабылданды. Заңда митинг өткізу үшін жергілікті биліктен рұқсат алу қажет емес, тек ескерту жеткілікті делінген. Бірақ әкімдік көбіне келісім бермейді. Сол үшін белсенділерді «митинг заңын бұзды» деп жиі қудалайды. Билік заңды «демократияға қадам» сипатында насихаттайды. Алайда құқық қорғаушылар бұл заңды халықаралық стандарттарға сай келмейді деп сынайды.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Новый корпус больницы святого Владимира планируется открыть в 2025 году





Москва

Победитель фирменной игры «Авторадио» получил ключи от Oting Паладин


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин. Главное за день



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Композитор

Композитор Гладков предложил создать Театр юного зрителя в Чите




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Баскетболисты из Лобни завоевали золото на турнире Moscow Open

Росгвардейцы обеспечили безопасность во время футбольного матча в Москве

В филиалах АО "Желдорреммаш" прошли мероприятия ко Дню защиты детей


Анастасия Потапова

Ролан Гаррос. Расписание 2 июня. Потапова и Швентек сыграют первым запуском, Синнер – последним



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


VIP

Студия Звукозаписи в Москве. Создание Песен, Музыки, Аранжировок.



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России