«Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас» тасжолын суы шайып кете жаздады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жол мамандары құмнан бөгет жасап, еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде республикалық автожолдың екі жерде шайылып кету қаупін алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.