«Қайраттың» жас футболшылары Санкт-Петербургтегі халықаралық турнирге қатысады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Қайрат» футбол клубының «Қайрат» U-16 жасөспірімдер командасы халықаралық турнир – Дмитрий Бесов кубогына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.