«Мәңгі мұғжиза» («Құран шапағы») атты кітаптың тұсаукесері өтті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында ғұламалардың кезекті кеңес үстінде жағымды жаңалық болды. Жиырма бес жылдық дайындығынан кейін қаламын қолға алып, Құранның алғашқы пара аяттарын мағыналық жағынан аударып, соған терең тәпсір жазған Мұхитдин Исаұлының «Мәңгі мұғжиза» («Құран шапағы») атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.