Жамбыл облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет маманы миллион теңге парадан бас тартты
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне кәсіпорынды тексеру барысында қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін ірі сома ұсынған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.