Толайым табыстарға толы мәнді де маңызды сапар - Апталық шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропаның батысындағы екі алпауыт елге сапарлады. Оның бірі ақсүйек ағылшындар елі - Ұлыбритания болса, екінші сапар талғампаз «гексагон» (алтыбұрыш) саналатын ел - Францияда жалғасты. Бұл екі сапар да еліміз үшін аса табысты болды, бірқатар келісімшарттар жасалып, миллиардтар төңірегінде уағдаластықтар жүрді, ең бастысы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі кеңейтіні айқындалды. Ендеше еліміз үшін елеулі болған осы аптаның айтулы жаңалығына кеңірек тоқталсақ.