СІМ-де Қазақстанның Пәкістан аумағындағы көліктік жобаларға қатысуы және қазақстан-пәкістан ынтымақтастығының басқа да мәселелері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-6 қарашада Астана қаласында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-пәкістан үкіметаралық комиссиясының бірлескен 8-ші отырысы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусиновтің және Пәкістан Ислам Республикасының Мұнай және минералды ресурстар мемлекеттік министрі Джам Камал Ханның төрағалығымен өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.