Кәсіпкер атанған көлік жүргізуші
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейлік Боранбек Сағатов 70-жылдардан бастап өмір бойы көлік жүргізумен айналысып келеді. Жас кезінде Бесқарағай автобазасында КаМАЗ самосвалының жүргізушісі болып еңбек жолын бастаған ол осы автобаза жабылғанша талмай еңбек етті. Содан кейінгі жылдарда да қарап отырмай, өз бетінше Семейден Қытайдың Үрімші қаласына және Астанаға жүк тасыды. 2011 жылдан бастап жеке тұлғаға жалданып жұмыс істеді.