Неге денеге күш түсіргенде бұлшық еттер ауырады?
Ұзақ уақыт бойы дене шынықтырумен айналыспаған адам ауыр жұмыс істеп, денесіне күш түсірсе денесінің ауыратынын жақсы біледі. Себебі бұл ауру 5-6 сағаттан кейін басталып, келесі күні артады. Неліктен деп ойласаңдар? Қарқынды жұмыс кезінде бұлшық ет анаэробты режимде жұмыс істеп, оттегі жетіспеушілігінің салдарынан энергия қорын жұмсайды.