Ұлы Отан соғысының ардагерлері жапондық опера сахнасы шеберлерінің концертін тамашалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қадам Бекенов пен Иван Ботев «Астана Опера» театрындағы опералық концерттің құрметті қонағы болды. Оларды сопрано Акико Хаякава мен көрнекті маэстро Моичи Иноуэнің шеберлігін тамашалауға «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» Астана қалалық филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы шақырды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.