Шекарадан есірткі алып өтпек болғандардың бәрі иісшіл итті алдай алмай, қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік өңірлік басқармасына қарасты «Мерке» тексеріп-өткізу бекетінің «Сыпатай батыр авто» көліктік-шекаралық тексеру бөлімшесінің шекарашылары Қырғыз Республикасынан біздің елге келушілер залында «Кайта» атты қызметтік иттің көмегімен жылу батареяларында полиетилен пакетке салынып тығылған «Гашиш» есірткісін тапты. Көлемі аса көп емес, 3-4 гр. ғана.