Елорданың жедел жәрдем қызметі жетілдіріліп, түнде қызмет істейтін ақ халаттылардың балалары балабақшамен қамтылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арада Астана қаласында заманауи жедел медициналық жәрдем қызметін құру туралы кешенді жоспар құрылмақ. Қазіргі жедел медициналық жәрдем қызметі астаналарға тән талаптарға сай емес және ол жаңғыртуды қажет етеді. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.