Астана төрінде Тәттімбет күйлері тербелді (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана төрінде дәулескер күйші Тәттімбеттің күйлері тербелді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залында халық композиторы, күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті.