Жетісу облысында 2 жаңадан салынған, 2 күрделі жөндеуден өткен мектеп ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Бүгін Жетісу облысында 2 жаңа мектеп, 2 күрделі жөндеуден өткен мектеп есігін айқара ашты. Жаңа мектептің екеуі де Көксу ауданында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.