Білім күнінде 11 мыңнан астам полицей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Осыған байланысты ІІМ жаңа оқу жылының басталуына орай мерекелік іс-шаралар өткізілген жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.