Франциск Моңғолияға сапар шеккен алғашқы Рим папасы болды
АСТАНА.ҚазАқпарат – Рим Папасы Франциск Моңғолияның астанасы Ұлан-Батырға барды. Ел басшылығымен кездесу кезінде ол сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу және «Жер планетасын қорғауды дереу қолға алу міндеттемесі» туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.