Қазақстанда ерлердің жалақысы әйелдердікінен 34% көп
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылы Қазақстанда орташа айлық жалақы 309,9 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23,8% артық. Инфляцияны ескерсек, сатып алу қабілетінің артқанын көрсететін жалақының нақты өсімі 7,6% болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.