Зілзалада 6 күн топырақ астында өлі сәбиін құшақтап жатқан келіншек: Күйеуім мен ұлым үшін де өмір сүремін
АНКАРА. ҚазАқпарат - Макбуле Картай - биыл 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған алапат жер сілкінісінен аман қалған аз адамның бірі. Жолдасы мен баласы шейіт болды. Ал өзі арада алты күн өткенде үйінді астынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат TRT Haber агенттігіне сілтеме жасап.