Қарағанды мектебінде патриотизм сабағын өтпесе де, оқушыларды өтті деп айтуға мәжбүрлеген - мұғалім
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда №5 мектептің мұғалімі оқушылармен бірге видео түсіріп, балаларды қоқан-лоққыдан қорықпауға және шындықты айтуға шақырады. Оның айтуынша, мектепте «Патриотизм және жаһандық құзыреттілік» пәні өткізілмеген. Алайда, құжат бойынша бұл пән оқытылып, осы сағаттар үшін мұғалімдерге ақы төленген. Мектеп өкілдері болса оқушылардан ол пән өтті деп айтуын талап еткен.