Қарағанды облысында бруцеллез жұқтыру өршіп тұр
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының аумағында бруцеллез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қала береді. Биыл Қарағанды облысы тұрғындары арасында бруцеллездің алғаш анықталған 19 жағдайы тіркелді, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 жағдайға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.