Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Барлық өңірде –екпінді жел, түнде және таңертең – тұман, солтүстікте бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.