Мароккода жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтады
РАБАТ. ҚазАқпарат – Мароккодағы жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 2901-ге, зардап шеккендер 5530-ға жетті. Корольдіктің ішкі істер министрлігі осындай дерек келтіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.