Елорданың сыртқы келбеті қалай ретке келтіріледі
Астанада 2019 жылы әзірленген дизайн-кодқа сәйкес қаланың сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Сәйкес келмейтін және жалпы көріністі бұзатын белгілер мен жарнамалық баннерлерді жою бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.