Қырғызстанмен шектесетін Қордай ауданының тұрғындары ЕАЭО артықшылығын сезіне бастады (ФОТО)
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгінде «Қордай» шекаралық бақылау-өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтетін азаматтар легі көбейе түсті, ал оның ережелері оңайланды. Бұны Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкектен небәрі 22 шақырым жерде тұрған Жамбыл облысындағы «Қордай» бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлері де, шекаралық Қордай ауданының тұрғындары да айтады.