Түркияда өрт сөндірушілер тікұшағы су бөгетіне құлады: екі қырғызстандық іздестіріліп жатыр
Измирдің Мендерес ауданында орман өртін сөндіру кезінде Тахталы бөгетінен су алмақ болған тікұшақ құлады. Тікұшақта болған үш адам іздестіріліп жатыр, біреуі құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат TRT Haber сайтына сілтеме жасап.