Көтентай батыр
Батыр Ботбайдан: Құдайқұл, Шағай, Қоралас, Бидас. Құдайқұлдан: Құдайберді, Келімбет. Құдайбердіден — Бегей, Меңей. Бегейден — Жиембет (Бесторсық). Жиембеттен: Қонақбай, Сазанбай, Сары, Андақожа, Түгей. Түгейден: Айбас, Түңғат, Мәметек. Айбастан: Арал, Жанбай. Жанбайдан: Жәнібек (Құттық), Байназар, Ерназар (Күйік), Өтеғұл, Темір. Өтеғұлдан: Арқабай, Серкебай, Найманбай, Тәтек, Көтентай, Рыстай. Өтеғұл дүниеден өткенде отбасында Көтентай, Рысбай қалады. Көтентай өте пысық, жүректі, аздаған көріпкелі бар адам екен. Ең кішісі Рысбай біртоға мінезді, момын адам болыпты. Алдындағы төрт ағасы үйленгенімен, Көтентай, Рысбай кедейліктен көп уақытқа дейін үйленбепті. Көтентай суық күзде екі арық атпен Рысбайды ертіп жолға шығады. Інісіне қалыңдық іздейді. Ұзын құлақтан бой жеткен қыздары бар деген...