Еспембеттің Адақ атануы
Қабанбай осы шайқаста Арқауылды өлтіріп, қалмақтың қалың қолын қазақ жауынгерлері қуып келе жатқанда, жаудың бір мергені садақпен Ақпантайдың атын атады. Ақпантай алдындағы терең орға омақаса құлайды. Енді ордың жанына келіп, Ақпантайды атпақ болған қалмақтың мергенін Қабанбай нұсқауымен атақты садақшы, әрі үздік батыр Еспембет жаудың алдымен атын, одан кейін өзін атып өлтіріп, Ақпантайды аман құтқарады. Соны Кәрібай ақын былай жырлаған екен:
— Ат деді батыр Адаққа,
Көрсет, — деп, — қайрат таласта.
Нысанаға алып қалмақты,
Адақ та шықты қабаққа.
Жоқ еді мерген бұл тұста
Адақтан озған қазақта...
Шаған шайқасындағы қолға түскендерден бір сұлу қыз қалады. Өте сұлу болғандықтан, бұл қызды жасырақ...