Қорлыбай мен Ердес
Бапай деген кісі отыз бес жасында жаудан өледі. Ердес, Медет, Ақтен деген үш жас бала жетім қалады. Ердес он жеті жасында батыр болып жауға аттандаы. Бұл барғаны қазақ пен қалмақтың соғысы еді. Қалмақтар шеп құрып бекініп алып, бірнеше күн алғызбайды. Батырлар қамалға шауып андаздап тұрған жаудың арасына кіріп, ыдырайтпайынша алғызбайтын болған соң, Қорлыбай батыр қамалға шабуға оңтайланып, басқалар іркіліп қалып, шабамыз деп, іріктеліп шыққан адам сегіз адам екен. Қорлыбай: «Бұлар кім?» деп бөлініп шығып адамдарды тексерсе, біреуі өзі, алтауы өзінің жоғарыда айтылған тұқымдары, бір бала бөтен. Қорлыбай:
— Жаным, сен кімсің? — дегенде,
— Кім екенімді кейін жаудан сұрарсыз, —...