Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2023

Тараз әкімі мектептегі өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге уәде берді

0
Тараз әкімі мектептегі өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге уәде берді

Таразда күрделі жөндеуге жабылған мектептің бірінде өрт шығып, 7 жұмысшы жарақат алды. Бет қаратпас жалыннан жан сауғаламақ болған 2 адам 3-қабаттан секіріп кеткен. Оқыс оқиға болғалы бірнеше күн өтсе де, жансақтау бөлімінде жатқан бойжеткендерге ота жасалмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Жәбірленушілердің жақындары облыс әкімінің Астанадан арнайы білікті дәрігер шақыртамыз дегені де өтірік болып шыққанын айтқан.

Жарылыс үш күн бұрын қаладағы №44 мектептегі кабинетте болған. Құрылысшылардың сөзінше, еден сырлайтын бояу банкаларының бетін ашқан бетте, қызыл жалын лап еткен. Соның салдарынан 7жеті бірдей жұмысшы зардап шеккен. Ал қатты қорыққан 21 және 23 жастағы қыздар терезеден секіріп кеткен.

Үш айдан бері жөндеу жүріп жатқан мектептегі жарылыс түнгі сағат бір шамасында болған. Қызыл жалынның қатты болғаны сонша, физика кабинетіндегі есік-терезенің бәрі қираған. Сол түні сыныпта болған 10 құрылысшының жетеуі ауруханаға түскен. Жеңіл жарақат алған үш жұмысшы үйіне қайтарылса, күйік шалған екеуі әлі емделіп жатыр. Ал үшінші қабаттан секірген екі қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр.

"Қабырғалары, омыртқасы, бір аяғы сынған. Қазір оны жылжытып Астанаға салып жіберуге болмайды. Сол жақтың мамандары осында келіп ота жасайды", - деді Тараз №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Жарақат алған жұмысшылардың жақындары оқыс жағдайға әкімдік пен мердігерді кінәлайды. Себебі жаңа оқу жылына дейін мектепті пайдалануға беру үшін құрылысшыларды түнгі жұмысқа жеккен.

"Түнгі уақытта жұмыс істегені дұрыс емес қой. Жұмысты кешкі сағат 6-да бітіруі керек. Әкімдік мердігерге "мынша күнде бітіру керек" деп айтқан шығар. Ол кісі енді ана қыздарға барып айтады ғой. Біз осыншама күнде бітіруіміз керек, төрт күнде аяқтауымыз керек деп", - деді жәбірленушінің анасы Сәлима Нарымбетова.

Қыздардың жақындарының айтуынша, 20-дан енді асқан қыздардың жағдайын білмекке ауруханаға Жамбыл облысы әкімі барған. Алайда арада бірнеше күн өтсе де, Астанадан арнайы алдырамыз деген дәрігерлер әлі келмеген.

"Әлі күнге дейін ешқандай көмек жоқ. Облыстық әкімдік келіп, "жақсылап көмектесеміз, аяқтан тұрғызамыз" деген. Әлі ешқандай көмек жоқ. Қыздардың жағдайы қалай болады, мүгедек болып қалуы мүмкін", - деді жәбірленушінің әпкесі Гүлжан Садықұлова.

Ал күйік шалған тағы екі жұмысшының жағдайы жақсарған. Тек екі қыздың денсаулығы отамен ғана реттеледі. Мектептегі түсірілімге шақыртусыз кіріп келген қала әкімі бар істі мердігер мойнына алатынын айтты.

"Өрттің себебі қазір анықталып жатыр. Оны қазір сараптама көрсетеді. Түнде жұмысқа кедергілер жоқ, шектеу жоқ. Бірақ бұл жерде жұмыстың қауіпсіздік мәселесі, өрт қауіпсіздігі мәселесі туындап отыр. Мердігер жауапкершіліктен қашып отырған жоқ. Зардап шеккен азаматтарға толық көмек көрсетуге дайын", - деді Тараз әкімі Бақытжан Орынбеков.

Еске салайық, бұған дейін 17 қыркүйекте түнде Тараздағы мектептердің бірінде өрт шыққаны хабарланған еді. Бұл кезде ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Желіде жұмысшылардың үшінші қабаттың терезелерінен секіріп, аяқ-қолдары сынғаны туралы ақпарат тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал об открытии нового перехода на вокзал Зеленоград-Крюково





Москва

В исторических парках покажут любимые мультфильмы от СТС Kids ко Дню защиты детей


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин назвал победителей конкурса «Педагоги года Москвы»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Певец

Певца и поэта Рябуху наградят званием «Заслуженный артист Забайкальского края»




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

В Москве 1 июня стартует чемпионат по игре «Камень, ножницы, бумага»

Два проекта Первый Бит отмечены дипломами финалистов конкурса «BPM-проект года»

На ВДНХ пройдет Удмуртский национальный праздник Гербер


Ролан Гаррос

Парижские сюжеты: Медведев играл в кошки-мышки, Котов творил историю, Калинская заставляла нервничать Синнера



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Свыше 50 гидравлических испытаний теплосетей Солнечногорска проведут в июне



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России