СҚО тұрғыны өз отбасы үшін «555» нөмір белгілеріне бір миллионнан астам теңге төледі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері СҚО-да 57 «әдемі» нөмір белгілері сатылды. Солтүстікқазақстандықтарда әсіресе 001, 111, 555,777 және 999 сияқты нөмірлік белгілер үлкен сұранысқа ие. Бұл туралы облыс ІІД баспасөз қызметі хабарлады.