Елімізде балаларды мектепке қабылдау тәртібі өзгереді
Балаларды мектепке қабылдауға қажет құжаттарды тапсыру мерзімі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында жазылған.
«Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжат қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылады», - делінген құжаттың жаңа редакциясында.
Айта кетейік, қолданыстағы талап бойынша бірінші сыныпқа баратын балалардан құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүреді. Енді ол тамыздан кейін де жалғаса беруі ықтимал.
Өйткені, бұған дейін бекітілген аяқталу уақыты алынып тасталмақ,
Сонымен қатар 10, 11, 12-ші сыныптарға оқушылардан құжат қабылдау мерзімі өзгереді.
«Оныншы, он бірінші, он екінші сыныптарға білім алушыларды қабылдау олардың жеке...