Еңбек стажы 616 жылдан асатын теміржолшылар әулеті рекордтар кітабына енді
Қазақстан рекордтары жайлы ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа (ҚАэА) жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Хабар» телеарнасында Еңбек күніне орай тікелей эфирде өткен «Адал еңбек» телемарафонында еңбек стажы бас-аяғы 616 жылды құрайтын әулетке КИНЭС сертификаты берілді. Еңбек күні аясында «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде ұйымдастырылған 4 сағаттық телемарафон Қазақстан рекордтары жайлы ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа рекорд тіркеумен басталды. Оған бүкіл еңбек өтілі […]
Сообщение Еңбек стажы 616 жылдан асатын теміржолшылар әулеті рекордтар кітабына енді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
Қазақстан рекордтары жайлы ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа (ҚАэА) жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Хабар» телеарнасында Еңбек күніне орай тікелей эфирде өткен «Адал еңбек» телемарафонында еңбек стажы бас-аяғы 616 жылды құрайтын әулетке КИНЭС сертификаты берілді.
Еңбек күні аясында «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде ұйымдастырылған 4 сағаттық телемарафон Қазақстан рекордтары жайлы ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа рекорд тіркеумен басталды.
Оған бүкіл еңбек өтілі 616 жылды құрайтын Тұқыбаевтар әулеті енді.
Теміржолшылар отбасының 27 мүшесі өмірін теміржолмен байланыстырыпты.
«Аталарымыз 1930-жылдары Түрксіб теміржолы құрылысына қатысқан. Содан бері біздің әулет темір жолда жұмыс істеп келеді. Бізге теміржол тарсылынсыз өмірді елестету қиын», — дейді әулеттің мұрағатын мұқият жинастырып, құжаттарды хаттап жүрген Құралай Маликриян.
«КИНЭС» рекордтар кітабына ерекше, бірегей адамдар кіреді.
Сообщение Еңбек стажы 616 жылдан асатын теміржолшылар әулеті рекордтар кітабына енді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.