Жантайлақ батыр
Бірде Жантайлақ батыр мен Жантай батыр іргелес торғауыттан қарымта қайырып, көп жылқысын қуып әкетеді. Қайтар жолында Қалжыр өзені бойындағы тоған қазушыларға аялдайды. Қолғабыс көрсетіп айдап келе жатқан жылқысынан береді. Кейін сол тоған «Жантайлақтың теріс аққаны» аталып кетеді.
Осы көп жылқының хабары Қара Ертіс бойындағы Алдияр батырға жетеді. Мұның салдарынан торғауыттармен іргелес жатқан керейлерге де зәбірі тиюі мүмкін еді. Соны ойлап Алдияр батыр бір топ адамымен соңынан қуады. Мол олжаға кенелмек болады. Бөкенбай тауының күнбатыс етегінде қуып жетеді. Астында жойқын қаражорғасы, қолында ұзын найзасы бар Алдияр батыр өз адамдарынан ұзаңқырап шыққан бойында: «Ба-тыр болсаң, жеке шық!» — деп дауыстайды. Жантайлақтың қартайғанын...