Алматыдан 3 Ішкі істер министрі, 14 вице-министр шыққанын мақтан тұтамыз - Серік Күдебаев (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлерінің еңбегі туралы кітап жарық көрді. Жаңа еңбектің тұсаукесері қалалық ІІД ғимаратында өтті. Салтанатты шараға ІІД ардагерлері, жас полицейлер, БАҚ өкілдері қатысты. Кітап Алматы горнизоны Ішкі істер департаментінің құрылғанына 55 жыл толуына орай басылып шықты.