Жер-су атаулары
Ақмешіт — қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған көне бекініс орны. Ол 1817 жылы салынған. А.и. Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, бекіністі Қоқан ханы Омархан салдырған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған елуге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Бекініс орыс әскерлері келген кезден «Перовск форты» болып аталған. Қазан төңкерісінен кейін Ақмешіт аты қайта берілді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болып тұрды.
Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл.
Алатау — 1) орталық Азия мемлекеттері мен ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы,...