Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2023

Алматыдағы алапат өрт: 95 пәтер қалпына келтірілді

0

Ірі өрттен зардап шеккен Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеуден кейін өз пәтерлеріне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Өрттен зардап шеккен 96 баспананың 95-і жөнделді, 1 пәтердің иесі жөндеу жүргізуден бас тартқан. «Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша және аудан әкімдігінің қолдауымен ТЖД резервінен пәтерлерді косметикалық жөндеуге қаражат бөлінді. Құрылыс салушы кабельді ауыстыру, есепке алу […]

Сообщение Алматыдағы алапат өрт: 95 пәтер қалпына келтірілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Ірі өрттен зардап шеккен Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеуден кейін өз пәтерлеріне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Өрттен зардап шеккен 96 баспананың 95-і жөнделді, 1 пәтердің иесі жөндеу жүргізуден бас тартқан.

«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша және аудан әкімдігінің қолдауымен ТЖД резервінен пәтерлерді косметикалық жөндеуге қаражат бөлінді. Құрылыс салушы кабельді ауыстыру, есепке алу құрылғыларын, кіреберіс, лифт және қабат алаңдарын қалпына келтіру жұмыстарын толық жүргізді» – деп атап өтті Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

алматы алапат өрт
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Әкімдік тұрғындарға 2 айға пәтер жалдауға қаржы бөлген.

«Осы 2 айдың ішінде біз құрылыс салушы ретінде өз бастамамызбен үйдің жалпы аумағын қалпына келтірдік – шахталар, электр кабельдері, шахталардағы есіктер алюминийге ауыстырылды, барлық кабельдер тартылды, электр есептеуіштер қалпына келтірілді. Жалпы алаңдарда күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ сыртқы өрт сатысы, өрт дабылы, желдеткіштер, түтін мұржалары – бұл барлық жүйе жұмыс істейді, оны әкімдік қызметкерлерімен бірге сынап көрдік», – деді Ayt housing Complex құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев.

алматы алапат өрт
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Пәтерлерді жөндеумен «Болашақ Құрылыс-S» ЖШС айналысқан.

Мердігердің айтуынша, олар тұрғындар тілектерін қолда бар бюджет аясында жеке ескеруге тырысқан. Жөндеу жоғарғы қабаттардан басталды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақкент шағын ауданындағы барлық 58 үйде өрт қауіпсіздігі тексерілді. Анықталған бұзушылықтар негізінен апат кезінде шығуға арналған жолдардың бітеліп тұруымен байланысты.

Еске салсақ, 1 тамыз күні «Ақкент» тұрғын үй кешенінде 16 қабатты үй өртеніп, 300-ден астам тұрғын эвакуацияланған еді.

31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын.

Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. 

Оқиға салдарынан 1 адам қаза болып, 43-і зардап шекті 

Кейін Президенттің тапсырмасы бойынша 6 адам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Сообщение Алматыдағы алапат өрт: 95 пәтер қалпына келтірілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин: Обеспечим ученикам комфортные условия





Москва

Новая попытка азербайджанских вандалов исламизировать армянское культурное наследие в оккупированном Шуши


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин: Обеспечим ученикам комфортные условия



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Большой театр

Театральный фестиваль «БАШНЯ» в Калининграде откроет Большой театр России




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Звезды спорта. Кто они такие и почему их так называют?

Сергей Лёвкин: в Митине завершат возведение физкультурно-оздоровительного комплекса

Полезные приложения для поклонников спортивной ходьбы


WTA

Ангеліна Калініна поступилася восьмій ракетці світу Саккарі на турнірі WTA 1000 у Римі: результат



Новости Крыма на Sevpoisk.ru