Германия спортшылары допинг үшін түрмеге қамалатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия депутаттары допинг тұтынғаны үшін спортшыларды жауапкершілікке тарту туралы заң қабылдады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, неміс спортшылары тыйым салынған препараттарды тұтынғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылады, не қомақты айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады «РИА Новости».