Павлодарда раушан гүлі топырақта емес, минералды мақтада тамшылатып суару әдісімен өсірілетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында голландтық тәсілмен гүл өсіретін үлкен жылыжай кешенінің құрылысы аяқталды. Жақын күндері алғашқы көшеттер отырғызыла бастайды. Бес гектар аумақты алып жатқан гүл алқабы инвестициялық жоба шеңберінде жүзеге асқан, деп хабарлады 24.kz.