Өткен 9 айда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 млрд 120,6 млн долларды құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 млрд 120,6 млн. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде экспорт - 3 млрд 835,5 млн. АҚШ доллар (29,2%-ға аз), импорт - 8 млрд 285,1 млн. АҚШ долларын (24,1%-ға аз) құрап отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.