Брюссельде полиция Париждегі терактке байланысты арнайы шара өткізді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгиялық полиция бүгін таңертең брюссельдік Моленбек-Сен-Жан коммуннасында арнайы шара өткізді. Мұнда Париждегі лаңкестік іс бойынша осыған дейін бірнеше адам ұсталған. Бұл туралы RTBF телерадиокомпаниясы хабарлады.