«Болашақ» бағдарламасы бойынша қытай тілінен синхронды аудармашыларды дайындайды (ФОТО)
БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Шанхайда «Қазақстан Орталығының» ашылуы аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов пен Шанхай шетел тілдері университетінің партиялық комитетінің бірінші хатшысы Цзян Фэн (Jiang Feng) «Болашақ» бағдарламасы бойынша қытай тілінен тәржімалайтын қазақстандық синхронды аудармашыларды дайындау бойынша меморандумға қол қойды.